Жаңаарқа аудандық маслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Құрметпен, Жаңаарқа аудандық мәслихатының хатшысы Имантүсіпов Қуат Анасұлы
Жаңаарқа аудандық мәслихатының ресми сайтында Сіздерді қарсы алғаныма қуаныштымын.
Қазіргі заман мемлекеттік билік органдарының жұмысын айқын етіп көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен ерекшеленеді.
Біздің сайттан Жаңаарқа аудандық мәслихаты өкілділігі және құзіреті жайлы біле аласыздар, аудандық мәслихаттың сапалы құрамымен, оның депутаттарының өмірбаяндық анықтамалығымен, тұрақты комиссиялардың дербес құрамымен таныса аласыздар. Бұнда сессиялар, кезектен тыс сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралған мәселелер толықтай қамтылған.
Жаңаарқа ауданының жалпы халқының саны 34 мың 588 адам құрайды. Осы аудан халқының саны негізінде, 2021 жылдың 15 қаңтарында мәслихаттың VII шақырылымына 10 депутат «Nur Otan» партиясына, 1 депутат «Ауыл» партиясына, 1 депутат «ADAL» партиясына сайланды. Депутаттар арасында әлеуметтік сала, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлер, теміржол саласының мамандары бар.
Біздің ресми сайт Сіздердің әрқайсыларыңыздың Жаңаарқа ауданының мәслихаты бойынша толық ақпарат алудың басты көзі болып табылатынына сенімдімін.
Онлайн режимде өткен сессияға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Аманбаев Айдархан Тапашұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ибраева Шолпан Қалуқызы, аудан әкімдігінің мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы Мұқатаев Жарас Оразханұлы қатысты.
Ағымдағы жылдың 16-ақпан күні сағат 10.00 де онлайн режимінде, аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы және бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 3-ақпан күні сағат 10.00 де онлайн режимінде, аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы және бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
2021 жылғы 15 қантар күні аудандық Мәслихаттың жетінші шақырылымдағы І-ші сессиясы өтті. Сессияны аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Казимов ашты. Депутаттар сессиясының жұмыс органдары редакциялық, есеп-санақ комиссиялары және хатшысын сайлады.
Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?
АҚШ доллары | 414.77 |
Евро | 506.81 |
Ресей рублі | 5.64 |